Баспасөз орталығы

Біз барлық қызметкерді Qsamruk.kz арқылы тауып отырмыз – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Персоналды басқару қызметінің менеджері

Жаңалықтар 03 Марта 2022
Біз барлық қызметкерді Qsamruk.kz арқылы тауып отырмыз – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Персоналды басқару қызметінің менеджері

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының рекрутерлері мен HR-мамандарының пікірімен бөлісуді жалғастыруды ұйғардық. Олар да жұмыс іздеушілер сияқты Qsamruk.kz порталын пайдаланады. Бұл платформа бәріне маңызды болып тұр.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Персоналды басқару қызметінің менеджері Ескендір Нұғыспанов қызметкерлерді іріктеумен 2019 жылдан бастап айналысады. Маман қызметкерлерді Qsamruk.kz арқылы табуда екендерін анық айтады.

«Портал біздің қажеттілігімізді толық қанағаттандырады. Барлық үміткер іріктеу кезеңін көре алғаннан тыс, кері байланыс ұсыну жүйесі қалыптасқан. Басқа платформалардан айырмашылығы, Qsamruk.kz пайдалану жұмыс іздеушілер үшін де, компаниялардың өздері үшін де тегін. Бұл атап өтерлік жайт. Бізде барлық бос жұмыс орындары осы платформа арқылы жабылады. Бір жылда біз тіпті HeadHunter-ден бас тартып, толығымен Qsamruk.kz алаңына өттік. Сондай-ақ тиісті платформада жұмыспен қамту орталығының еңбек биржасында бос жұмыс орындарын қайталамауға мүмкіндік беретін қызметтің енгізілуі біз үшін өте ыңғайлы болуда. Бос жұмыс орындары жайлы ақпарат онда автоматты түрде жарияланады», - дейді Ескендір Нұғыспанов.

Платформа үнемі жаңартылып, жетілдірілуде. Ескендір үміткерлерді іріктеу кезінде әлі порталдың барлық жағын қолданып үлгермегенін мойындайды.

«Мысалы, біздің әріптестеріміз Qsamruk.kz арқылы үміткерлерді тестілеу тәжірибесін кеңінен қолданады. Біз, әзірге, бұл мүмкіндікті сирек кәдеге жаратудамыз. Қызметтің мәнісі сонда, сіз өзіңіздің сұрақтарыңызды платформаның қызметкерлеріне жолдайсыз, олар болса, талаптанушы тарапты тестілеуге ден қояды. Платформада осындай мүмкіндіктердің енгізіліп жатқаны және бізде оларды сынап көру мүмкіндігі пайда болғаны қуантады», - дейді Ескендір Нұғыспанов.

Сондай-ақ, оның сөзінше, компаниялар Qsamruk.kz платформасын жетілдіру тұрғысында өз ұсыныстары мен идеяларын жібере алады. Бұдан басқа, корпорациялардың өздері де платформа командасының үлгісі бойынша өз жаңашылдықтарын енгізе алады.

«Өткен жылы платформаны жақсарту бойынша өз ұсыныстарымды жеке жолдап, олар бірден жұмысқа қабылданды. Әзірлеушілерден кері байланыстың бары қуантады. Өздеріңіз білесіздер, біз өткен жылы «Корпоративтік портал» жобасын іске қостық. «Тау-Кен Самұрық» компаниясының 8 еншілес компаниясы бар және қызметкерлер осылайша компания тобындағы бос жұмыс орындарына үн қата алады. Бұл дегеніңіз, біз үміткерге ішкі конкурс арқылы үн қатуға, мысалы, бас компанияға немесе басқа компанияға ауысуға мүмкіндік береміз. Бұл ішкі конкурс. Алдымен, біз корпоративтік порталда бос жұмыс орнын жариялаймыз, егер жауап болмаса, екі күннен кейін сыртқы ресурс саналатын Qsamruk.kz платформасына шығамыз. Әдетте, дәл сол жерде керек адамдар табылып жатады», - деп қосты ол.

Samruk Qyzmet (Qsamruk.kz) – уран көшбасшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, теміржол алыбы «ҚТЖ» ҰК» АҚ, мұнай операторы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, авиатасымалдаушы «Air Astana» АҚ, технологиялық озық «Қазақтелеком» АҚ, энергетика көшбасшысы «KEGOC» АҚ және Қазақстан экономикасының басқа да локомотивтерін қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» АҚ тобының 180-нен астам компаниясы, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары өздерінің ашық бос жұмыс орындарын орналастыратын платформа.