Баспасөз орталығы

«Инклюзивтілік - компания дамуының бір бөлігі ретінде» «Гендерлік теңдік» бағдарламасының II модулі

Жаңалықтар 30 Ноября 2022
«Инклюзивтілік - компания дамуының бір бөлігі ретінде»  «Гендерлік теңдік» бағдарламасының II модулі

Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының басшылығындағы әйелдердің қатысу үлесін арттыруға бағытталған «Гендерлік теңдік» курсының II модуль оқу бағдарламасы аяқталуда.

Ұйымдастырушы – Samruk Business Academy.

II бағдарлама модулі «Инклюзивтілік - компания дамуының бір бөлігі ретінде» тақырыбындағы екікүндік тренингті қамтыды.

Оқу аясында қатысушылар келесі маңызды тақырыптарды қарастырды:

• «Құбылмалы әлемдегі өзгерістер»

* «Стратегиялық ойлау және басқару. Технологиялар мен құралдар»

* «Шешім қабылдау»

* «Инклюзивтілік - компания дамуының бір бөлігі ретінде»

* «Ұйымдағы көшбасшылық, билік және ықпал»

* «Көшбасшы және команда»

* «Команданы қалыптастыру және дамыту»

* «Көшбасшының өмірге қабілеті және ресурстық жағдайы»

Оқуға Қор тобының 15-тен астам компаниясының менеджерлері мен басшылары қатысты: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Самұрық Энерго» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және басқалар.

Модульдің маңызды бөлігі - тренингтің қолданбалы құрамы. Әрбір ішкі тақырыпты зерттеу, ең алдымен, іс жүзіндегі тапсырмалармен, нақты жағдайларды талдаумен, ықтимал шешімдерді әзірлеумен және талқылаумен бірге жүреді.

Сондай-ақ, II модуль аясында қатысушыларды қазақ халқының ұлттық киімін әзірлеу (құрақ көрпе тігу) арқылы арт-терапия бойынша қызықты шеберлік сабағы күтіп тұрды. Екі сағат ішінде тәжірибелі шеберлердің жетекшілігімен 7 команда ұлттық өрнектері бар, матасы әдемі 7 шапан дайындады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың желтоқсанына қарай «Самұрық-Қазына»компанияларының басқармаларында, директорлар кеңестерінде және бақылау кеңестерінде әйелдердің орташа үлесі 20%-ға, 2030 жылға қарай 30%-ға жетуге тиіс.