Баспасөз орталығы

"Самұрық-Қазына" АҚ: қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы баға жетпес құндылық

Жаңалықтар 30 Января 2023

Астана қаласында "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобындағы өндірістік қауіпсіздік бойынша қорытынды кеңес өтті.

 

2022 жылдың көктемінде Қор тиісті меморандумға қол қою арқылы Vision Zero жаһандық нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылды.

 

Өткен жылдың жазында Қор I жыл сайынғы H&as форумын өткізді. Оның шеңберінде ұлттық компаниялардың басшылары жарақаттанудың алдын алу және өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін дамыту бойынша жеке міндеттемелер алды.

 

Содан соң бірқатар портфельдік компанияларда, еншілес және тәуелді кәсіпорындарға тарата отырып, осындай форумдар өткізілді.

 

Сондай-ақ, өткен қорытынды кеңес аясында Samruk Business Academy ұсынған "Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті" авторлық курсынан оқыту қолға алынды.

 

Бұл курсты Samruk Business Academy сарапшылары әзірледі және бұл халықаралық деңгейде танылған бірінші курс болды. Атап айтқанда, тиісті қолдау өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды өткізу саласындағы әлемдік көшбасшы - Ұлыбританияның Еңбекті қорғау институтынан  (IOSH) жасалды.

 

Ұлыбританияның Еңбекті қорғау институты (IOSH) жүргізген сараптама Samruk Business Academy компаниясының "Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті" курсының IOSH талаптарына және Vision Zero жаһандық тұжырымдамасына толық сәйкестігін растады.

 

Бұл курсты SBA өндірістік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшылар тобы әзірледі. Олардың құзыреті саласы "Самұрық-Қазына"АҚ компаниялар тобының операциялық қызметінің барлық дерлік түрір қамтиды.

 

Курс Vision Zero жаһандық тұжырымдамасы негізінде құрылған және "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобындағы күнделікті операциялық қызметте оларды іске асыру құралдары тұрғысынан 7 алтын ереженің мән-мәтінін ашады.

 

"Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті" курсы барлық деңгейдегі басшыларға арналған. Оның негізгі мақсаты - "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және дамыту.