Samruk Business Academy мен IQanat арасындағы қол қойылған меморандум аясында бүгін Назарбаев Университеті қабырғасында IQanat қайырымдылық қорының оқушылары үшін жеке тұлғаны дамыту бойынша оқыту басталды.
Шеберлік дәрісінің тыңдаушылары - IQanat Олимпиадасының финалдық кезеңінің 814 жеңімпазы бүкіл елдің ауылдық жерлерінен (17 облыс) 1 және 2 турдың нәтижелері бойынша іріктелді.
Дарынды оқушыларға арналған шеберлік сабақтары 2 күн бойы өткізіледі.
Оқыту барысында балалар жеке қаржыны басқару, тиімді коммуникациялар, болашақ мамандықты қалай дұрыс таңдау, тайм-менеджмент, жасөспірімдер үшін көшбасшылық дағдылар, бизнес-идеяларды іске асыру, қойылған мақсаттарға қалай қол жеткізу, кәсіпкерлік ойлау қалыптастыру, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу дағдылары туралы біледі.
Сонымен қатар, 22 маусымда Конгресс холлда Олимпиаданың үздік жеңімпаздарын марапаттау өтіп, олар IQanat High School of Burabay мектебінде оқуға грант алады.