Баспасөз орталығы

QazaqGaz «Нөлдік жарақат» тұжырымдамасына қосылды

Жаңалықтар 11 Ноября 2022
QazaqGaz «Нөлдік жарақат» тұжырымдамасына қосылды

Астанада QazaqGaz Ұлттық компаниясының алғашқы HSE форумы өтті. Шараны Samruk Business Academy ұйымдастырды.

Форум аясында QazaqGaz Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен еншілес және тәуелді кәсіпорындардың бірінші басшылары Vision Zero тұжырымдамасының Health & Safety саласындағы жеке міндеттемелеріне қол қойды. Форум QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында тәжірибе алмасу бойынша сұхбат алаңы ретінде ұйымдастырылды.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «КEGOС» АҚ үшін Health & Safety форумдары өткізілген болатын.

Өткен форум аясында QazaqGaz компаниялар тобының басшылығы өз үлгісімен өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға бейімділігін көрсетуге, еншілес және тәуелді кәсіпорындарда еңбекті қорғау саласында озық және заманауи тәжірибелерді енгізуге, қызметкерлер үшін қауіпсіз жұмыс жағдайын жасауға міндеттенді.

«Біздің басымдығымыз сонда – қызметкерлеріміздің және мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің денсаулығы, оларды қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету. Мәселен, QazaqGaz-да алғаш рет Басқарма төрағасына тікелей бағынатын HSE қызметі енгізілді. Қызмет еңбекті қорғау, қоршаған орта және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Осы мақсаттарға жету үшін QazaqGaz командасы бірнеше негізгі бағытты әзірледі. Технологиялық процестердің тұтастығын қамтамасыз етумен бірге жағымсыз салдарлардың ықтималдығын азайту үшін қызметкерлердің апаттық немесе төтенше жағдайларға тұрақты дайындығын қарастыру маңызды», - деп атап өтті «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов.

Шараға шақырылған спикерлер ретінде Чжоу Юн, Tapline өкілі; Ханс-Хорст Конколевский, Vision Zero нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының жаһандық елшісі; Кирилл Забугин, EVERYCO Central Asia Kazakhstan басқарушы серіктесі және SBA зерттеулер және шешімдер департаментінің директоры, сондай-ақ Vision Zero Қазақстан Іскерлік кеңесінің төрағасы болып табылатын Виктор Поднебесный ол ойын ортаға салды.

«7 алтын ереже тұжырымдамасы өндірістерде нөлдік жарақатқа қол жеткізу мақсатында әзірленді. «Самұрық-Қазына» АҚ осы жылдың мамыр айында аталмыш халықаралық қозғалысқа қосылды. Бүгін мен өз сөзімде негізгі қағидаттар мен құралдар туралы айттым, оларды іс жүзінде қолдану жарақат алу қаупін азайтып қана қоймай, жалпы қауіпсіздік мәдениетін өзгертуге және арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, осы бағыттағы Samruk Business Academy жұмысының нәтижелері мен даму жоспарларымен бөлісуге қуаныштымын», - деп атап өтті Виктор Поднебесный.

Сонымен қатар, форум аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасына компанияның Vision Zero жаһандық тұжырымдамасына қосылуы туралы сертификат тапсырылып6 еңбекті қорғау саласында ерекше жетістіктері бар қызметкерлерді марапаттау болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ тобында Қауіпсіздік жылы болып жарияланды.