Баспасөз орталығы

SBA: Біз жастарға сенеміз!

Жаңалықтар 15 Ноября 2022
SBA: Біз жастарға сенеміз!

Samruk Business Academy қызметкерлері Түркістан қаласында өткен «Самұрық-Қазына» АҚ жастар форумына қатысты.

 «Мені форумға қатысу мүмкіндігі екі есе қуантты. Өйткені біз тек делегаттар болып қана қоймай, компаниямыз Samruk Business Academy бүкіл форумды бірлесіп ұйымдастыруға атсалысты. Шынымды айтсам, форумның өте жемісті өткенін ерекше мақтан тұтамын! Мұнда барлығы болды: көптеген танымдық ақпарат, жарқын әсерлер, жаңа танысулар, шат көңіл-күй», - деп бөлісті SBA байланыс орталығының маманы Мұхамедияр Асылбеков.

Үш күн ішінде Қор тобының 77 компаниясынан 200-ден астам белсенді жас маман көкжиегін кеңейтіп, soft skills қырларын дамытты. Команда құрушы квесттерді еңсеріп, жігерлендіруші іс-шараларға қатысты және де Түркістан қаласының тарихи орындарына барды.

«Жалпы, біздің команда іс-шараны ұйымдастырумен шамамен бір айдай білек сыбана айналысты. Жоба Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығымен бірлесіп әзірленді. Біздің міндеттеріміз келесідей болды: тұжырымдаманы, іс-шараның мазмұнын әзірлеу және барлық ұйымдастырушылық мәселелерді шешу. Шын мәнінде, керемет және өте креативті идеялар ұсынған, емен-жарқын сұхбат құрған, әртүрлі кейстерді тізе қоса қарастырған көптеген сергек ойлы жас мамандармен бір алаңда жолығу ғанибет болды! Дәл осындай шаралар мамандардың кәсіби және рухани өсуіне мүмкіндік беретіні анық», - деп әңгімеледі SBA оқыту және жобалар департаментінің басшысы Самал Оңайбаева.

Сондай-ақ, форум аясында Jas Samruk жобасының QazaqGaz ұсынған жаңа логотипі таңдалды. Ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне барлығы 38 логотип жобасы ұсынылды. SBA дизайн нұсқасы екінші орынды иеленді.