Баспасөз орталығы

Қуатты буын: орта менеджерлерді оқыту неге маңызды? «Самұрық-Қазына» АҚ және SBA жаңа бағдарламаны іске қосты

Жаңалықтар 07 Ноября 2022
Қуатты буын: орта менеджерлерді оқыту неге маңызды? «Самұрық-Қазына» АҚ және SBA жаңа бағдарламаны іске қосты

«Самұрық-Қазына» АҚ және Samruk Business Academy іске қосудағы жаңа оқу бағдарламасы орта буын менеджерлерінің белгілі бір санатына бағытталған. Бастама сәйкесінше «Middle management» деп аталады.

Бағдарламаның ерекшелігі - қажетті дағдыларды дамыту, өзіндік көкжик пен көшбасшылық ықпал ету құралдарын алу.

Неліктен орта менеджерлерді дамыту маңызды?

Бүкіл компанияның тиімділігі орта менеджерлерге байланысты. Бұл компания басшылығы мен қалған қызметкерлер, орындаушылар арасындағы байланыстырушы буын. Орта менеджмент, әртүрлі зерттеу бойынша, компанияның барлық процесінің 50-80%-ын бақылайды. Сондықтан жұмысшылардың бұл санатына немқұрайлы қарауға болмайды. «Мидлдің» орны бүгінде тиісті дәрежеде бағаланбай жатқан шығар, бірақ ол команданың ынта-жігері мен тиімділігін айқындаушы күшке ие.

Нr-portal.ru ақпаратына сәйкес, «мидлс» әдетте компания қызметкерлерімен тығыз байланыста болады және осының арқасында топ-менеджерлерден гөрі көңіл-күй мен ынта-жігердің жоғалуын тез байқайды. Ұжымда серпіліс сыйлай алатын да дәл осы орта буын өкілдері.

Орта менеджер деңгейі оларға көптеген мүмкіндік береді. «Мидл» компанияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін жеткізу қызметтерін орындай, сондай-ақ аласапыран сәтте барлық басты қиындықты өзінен өткізеді.

 «Middle management» бағдарламасы

«Самұрық-Қазына» тобында нәтижеге бағытталған заманауи басқару құралдарын меңгерген орта буын басшыларының пулын қалыптастыру үшін «Middle management» жобасын құру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ компаниялар арасында «Самұрық-Қазына» АҚ жаңартылған стратегиясына сәйкес орнықты даму мәдениетін тарату қажет.

Бағдарламада 2023 жылдың көктемінің ортасына дейін өтетін 7 модуль қарастырылған.

Бағдарламаның ашылу салтанаты 14 қазанда өтті. «Өзіңе және адамдарға қалай сенуге болады» тақырыбындағы 1 модуль 5 қараша болды.