Баспасөз орталығы

Қазақстан темір жолы қауіпсіздігінің алтын ережелері

Жаңалықтар 15 Декабря 2022
Қазақстан темір жолы қауіпсіздігінің алтын ережелері

Қауіпсіздік мәдениеті, қызметкерлерге қамқорлық жасау, сондай-ақ нөлдік жарақатқа қол жеткізуге ұмтылу - мұндай басымдықтарды еліміздің теміржол саласының көшбасшысы - "Қазақстан темір жолы” ҰК" АҚ алдына қойып отыр.

13 желтоқсанда елордада компанияның IV жыл сайынғы Health & Safety форумы өтті. Шараны Samruk Business Academy бірлесіп ұйымдастырды.
Форум аралас сипатта өтіп, онлайн тәртіпте Қазақстанның болат магистралі компанияларының 1 400-ден астам өкілі қатысты.
Биылғы іс-шара "Тиімді менеджмент - алдын алу шараларының нәтижесі” ұранымен өтті. Осылайша форум алдын алу шараларына арналды.
Кездесуді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев ашты. Ол қызметкерлердің қауіпсіздігі компаниядағы №1 басымдық екенін атап өтті.
"Өткен жылы мен компанияның әрбір қызметкеріне жеке үндеуге қол қойдым, онда олардың қызметкерге зияны тимейтіндей қауіпті жұмыстарды тоқтата тұру немесе тоқтату құқығын растадым.  Әр қызметкер осылай істей алады! 2021 жылы жұмысшылар 600 жағдайда өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұру құқығын пайдаланды. Биыл, қызметкерлер осындай құқықты 597 рет пайдаланды. Өткен жылдың 25000 қауіп-қатеріне қарағанда барлығы 22000-нан астам қауіпті жағдай мен әрекет анықталды", - деді сала басшысы.
Нұрлан Сауранбаев сондай-ақ "Нөлдік жарақаттану" - қол жеткізуге әбден болатын мақсат екенін атап өтті:
 
"Біздің компанияның құрылымында ұзақ уақыт бойы жарақаттанудың бірде-бірсіз жағдайынсыз өндірістік бөлімшелер жұмыс істейді. Мысалы, Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы, Сексеуіл локомотив пайдалану депосы, Қазалы электрмее жабдықтау дистанциясы 30 жылдан астам жарақатсыз жұмыс істеп келеді. Бұл кәсіпорындарда біздің ең маңызды капиталымыз - адамдардың өмірі мен денсаулығы бағаланады".
 
"Самұрық-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов 2022 жыл Қор тобында Қауіпсіздік жылы болып жарияланғанын және осы бағыттың дамуына жаңа серпін бергенін атап өтті. Осы жылдың жазында Қордың барлық ірі портфельдік компанияларының, соның ішінде ҚТЖ басшылары өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жеке міндеттемелерге қол қойды. Ал темір жол саласы еліміздің ең ірі жұмыс берушісі бола отырып, Қазақстанның барлық өңірінде қауіпсіздік мәдениетін дамытудың локомотиві болуға тиіс.
 
Өз сөздерінде ұлттық тасымалдаушының әртүрлі бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ компания серіктестері H&S саласындағы табысты істерімен және осы саладағы маңызды жетістіктерімен бөлісті. ​
Шақырылған сарапшылардың қатарында басқа "Самұрық-Қазына" компанияларынан да әріптестер болды. Мысалы, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-да HSE саласындағы коммуникациялар туралы өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры Манас Ысқақов айтып берді.
Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін "7 алтын ереже - алдын алу шараларының нәтижелілігінің негізі" тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Талқылауға "Магистральдық желі дирекциясы", "Жолаушылар тасымалы" АҚ, "ӘТЖК" ЖШС, "Теміржолсу" АҚ, "Вагонсервис" АҚ филиалдары мен компанияларының басшылары, "ҚТЖ” ҰК" АҚ Техникалық саясат департаментінің бас инженер – директоры қатысты. Пікірсайыстың модераторы Қазақстандағы "Нөлдік жарақаттану" тұжырымдамасының елшісі және Samruk Business Academy сарапшысы Виктор Поднебесный болды.
 
Айта кету керек, көптеген жылдар бойы ҚТЖ тобы қауіпсіз өндірістің құндылықтары мен тәсілдерін ілгерілетуге күш-жігер мен ресурстар жұмсап келеді, ал осы жылдың тамыз айында Қазақстанның 100 000-нан астам теміржолшысы пайдаланатын өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі мобильді қосымша кәсіби тәуекелдердің алдын алу жөніндегі халықаралық қордың (ORP) Дүниежүзілік саммитіне қатысушылардың қызығушылығын тудырды
 
Компанияда "Игілік” ұғымының жаңа корпоративтік құндылықтарын (қауіпсіздік, амбиция, жауапкершілік, көшбасшылық, мақтаныш) ескере отырып, қызметкердің мінез-құлық стандарттарын айқындайтын құзыреттердің жаңартылған моделі бекітілді.
Компания қызметкерлері осы модель негізінде бағаланады. Қауіпсіздік мәдениетінің мінез-құлық құралдары әрбір қызметкер үшін ішкі ынталандырушы ретінде қызмет етеді және жалпы корпоративтік мәдениетті сапалы өзгерту үшін негіз құруға көмектеседі. Компанияда ішкі жаттықтырушылар белсенді дайындалуда, олар өз кезегінде әрбір ҚТЖ қызметкеріне қауіпсіз еңбек негіздерін үйретеді.