Өтінімді ішкі және сыртқы ресурстарға орналастыру;
Бастапқы іріктеу – түйіндемені скринингтен өткізу.
Сұхбат жүргізу (рекрутер - кандидат);
Кандидаттарды олардың кандидатурасын қарау мәртебесі туралы хабардар ету;
Тапсырыс берушіге лонг-тізімді жолдау (бос жұмыс орнының бейініне сәйкес келетін кандидаттардың түйіндемесі);
Шорт-тізімді жасау (тапсырыс берушіден алынған кері байланыс негізінде кандидаттар тізімі);
Соңғы кандидаттарды олардың кандидатурасын қарау мәртебесі туралы хабардар ету. Тәсілдері: qsamruk.kz хабарландыру, мессенджерлердегі телефон қоңырауы/электрондық пошта/хабарлама
Кандидаттарды бағалау процесін ұйымдастыру: тестілеуді өткізуге өтінімді толтыру, кандидаттарды тестілеу нәтижелері туралы ақпарат беру;
Соңғы сұхбатты ұйымдастыру (үміткер - Тапсырыс берушінің желілік менеджері):
Кандидатқа жұмыс ұсынысы (офферді дайындау және жолдау, кандидатқа жұмысқа қабылдау туралы құжаттар бойынша консультация беру, Тапсырыс берушіні кандидаттың шығу күні туралы хабардар ету);
Тапсырыс берушінің бос жұмыс орындары бойынша есептілікті жүргізу;